Дастан Сәтпаев
Дастан Сәтпаевтың «Челсидегі» бәсекелесі АПЛ рекордын жаңартты
18 жастағы футболшы алғаш рет негізгі құрамда алаңға шығып, нәтижелі пас берді.
Дастан Сәтпаев сүйікті футболшысын атады
Үлгі тұтатын ойыншысы — «Барселонаның» жұлдызы.
Чемпиондар лигасынан шеттетілген Дастан Сәтпаев мәлімдеме жасады
"Қайрат" клубының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчтан кейін өз ойын айтты.
Дастан Сәтпаев бүгін британиялықтарға қарсы шеберлігін дәлелдей ала ма?
"Челси" сатып алған Дастан Сәтпаев бүгін алғаш рет британиялық клубқа қарсы ойнайды.
2 матч, 3 гол. Дастан Сәтпаев "Челсидегі" ойыны жайлы айтты (ВИДЕО)
Алматылық «Қайраттың» жас шабуылшысы Дастан Сатпаев «Челсиге» сынаққа барған сапары жайлы мәлімдеді.
€100 млн. "Селтик" пен "Қайрат" құрамдарының негізгі айырмашылығы анықталды
Transfermarkt дерегінше, «Селтиктің» ойыншыларының жалпы құны 131,15 млн еуро болса, «Қайрат» құрамы небәрі 12,8 млн еуроға бағаланған.
"Қайратқа" төрешілерді сатып алды деген кінә тағылды
"Қайрат" пен "Слован" арасындағы тарихи жеңістен кейін әлеуметтік желілерде дау туды. Кейбір жанкүйерлер клубты матчты сатып алды деп айыптап, төрешілердің шешімдерін әділетсіз деп бағалады.
Дастан Сәтпаев Ламин Ямальды басып озды
Алматылық «Қайраттың» жас шабуылшысы Дастан Сатпаев Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас футболшылардың бірі атанды.
Сәтпаевтың голы мен тосын нәтиже: "Қайрат" Чемпиондар лигасындағы жорығын бастады (ВИДЕО)
"Қайрат" Словенияның "Олимпиясымен" сырт алаңда тең ойнап, Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде маңызды нәтиже тіркеді. Кездесуде қазақстандық командада жалғыз голды Дастан Сәтпаев соқты.
Еуропалық клуб "Қайраттың" 16 жастағы жұлдызына баға берді
Словенияның «Олимпия» клубының бас бапкері Жорже Симау «Қайраттың» шабуыл шебіндегі 16 жастағы талант Дастан Сатпаевты ерекше атап өтті. Аталған маман алматылық клубпен өтетін Чемпиондар лигасы матчында қиындық болатынын мойындады.
Дастан Сәтпаев "Барса" үшін "Челсиді" "лақтырып" кетті (ВИДЕО)
"Қайраттың" шабуылшысы Дастан Сәтпаев Еуропадағы сүйікті клубы ретінде испаниялық "Барселонаны" атады. Ағылшынның "Челсиіне" 4 млн еуроға сатылғанымен жас футболшының арманы Каталониямен байланысты екенін жасырмады.
Дастан Сәтпаев 2025 жылдың үздік шабуылшысы атанды
Ол ресми матчтарда 9 гол соғып, өз қатарластарын артта қалдырды.
16 жастағы қазақ баласы Орталық Азияда ең қымбат футболшы атанды!
Ол өзбекстандық ойыншыларды артта қалдырып, нарықтық құнын 1,3 миллион еуроға дейін өсірді.
Дастан Сәтпаев гол соғуды қойып, қақпаға тұрды (ВИДЕО)
Қазақстан құрамасы мен "Қайраттың" жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев күтпеген рөлде көзге түсті — ол клуб жаттығуында қақпашы болып өнер көрсетті.
47 млн еуролық трансферге бойкот: "Челси" жанкүйерлері Сәтпаевты таңдады
Лондондық "Челси" Дастан Сәтпаевпен келісімшартқа қол қойғаннан кейін жанкүйерлер өзге жас ойыншыларға қыруар ақша төлеуге қарсы наразылық білдіріп жатыр.
Дастан Сәтпаев Қазақстан жастар құрамасында алғаш рет алаңға шығады
Бүгін кешке "Астана Аренада" өтетін матчта Дастан Сәтпаев Қазақстан U-21 құрамасы сапында алғашқы ойынын өткізеді. Жастар құрамасы Еуро-2027 турнирінің іріктеу кезеңінде Андоррамен күш сынасады.
Дастан Сәтпаевтың клубы жазда 14 футболшымен қош айтыспақ
"Челси" 14 футболшысын сатуға дайын. Клуб басшылығы құрамды түбегейлі жаңартуды көздеп отыр.
16 жастағы қазақ футболшысы Nike-пен келісімшартқа отырды
Дастан Сәтпаев әлемге әйгілі Nike брендімен келісімшартқа отырып, қазақ футболында тарихи жетістікке қол жеткізді.
16 жастағы Дастан Сәтпаев — Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені (ВИДЕО)
"Қайрат" клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев 16 жасында Қазақстан Премьер-лигасының үздік сұрмергені атанды. Ол маусымдағы жетінші голын "Оқжетпеске" қарсы ойында салды.
Сәтпаев пен Ямаль әлемдік топ-рейтингте көшбастады
Еуропа лигаларында 17 жасқа дейінгі үздік шабуылшылардың жаңартылған рейтингі жарияланды. Бұл тізімді футбол әлеміндегі беделді Transfermarkt порталы ұсынды. Қазақстандық талант Дастан Сәтпаев үздік үштіктен көрінді.