еркін күрес
Бұрымды балуандарымыз әлемнің үздіктері қатарынан көрінді
Қазақ қыздары күрестен өткен әлем чемпионатында командалық есеп қорытындысы бойынша бесінші орынға жайғасты.
Қазақстандық балуандар жұлдызды құраммен халықаралық турнирге аттанды
Польша астанасы Варшавада дәстүрлі Poland Open халықаралық турнирі басталды. Оған Қазақстанның еркін, грек-рим және әйелдер құрамалары қатысып жатыр.
Ризабек Айтмұхан Ресейде ойсырай жеңілді (ВИДЕО)
Қазақстандық балуан дайындық жиыны кезінде жергілікті дарын — Алихан Кцоевтен айқын есеппен жеңіліп қалды.
Жәмилә Бақбергенова Будапештегі турнирде "күміс" алды
Бұдан бөлек, аталған халықаралық турнирде Нилуфар Райымова "қолаға" қол жеткізді.
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында жеті медаль жеңіп алды (ФОТО)
Бішкектегі жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық еркін және әйелдер күресі балуандары табысты өнер көрсетті.
Қазақстандық балуан керемет стильде Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)
Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен Азия чемпионатында (U20) еркін күрес шебері Едіге Қасымбек 125 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Вунгтау (Вьетнам) қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасы жалпы 38 жүлде, оның ішінде 13 алтын медаль жеңіп алды.
Ризабек Айтмұхан халықаралық турнирді "алтынмен" аяқтады
Психологиялық кедергіні бұзған маңызды жеңіс.
Нұрғожа Қайпанов Түркиядағы элиталық турнирдің чемпионы атанды
Қазақстандық еркін күрес шебері Яшар Догу турнирінің финалын 5:0 есебімен жеңіп, алтын медаль алды.
Қазақстандық күрес шеберлері халықаралық турнирдің финалына шықты
Түркияның Коджаэли қаласында Яшар Догу, Вехби Емре және Хамит Каплан атындағы халықаралық турнирде еркін күрестен Қазақстан құрамасы сенімді нәтиже көрсетіп жатыр.
Қазақстандық азулы балуан сенсациялық жеңіліске ұшырады
Түркияның Коджаэли қаласындағы Яшар Догу, Вехби Емре және Хамит Каплан атындағы дәстүрлі халықаралық турнирде үлкен сенсация тіркелді. 86 кг салмақтағы алтынға басты үміткер саналған қазақстандық еркін күрес шебері Болат Сақаев ширек финалда жергілікті балуан Альперен Атардан техникалық жеңіліспен ұтылды — 0:10.
Ризабек Айтмұхан жарыстан шет қалды – Жанкүйерлер күткен айқас неге өтпейді?
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан маусымдағы ең маңызды халықаралық бәсекелердің бірі — "Имре Поляк пен Янош Варга мемориалына" (17–20 шілде, Будапешт, Венгрия) қатыспайды.
Исхар Құрбаев — Азия чемпионы!
Бұл — Қазақстан құрамасының турнирдегі алғашқы алтын медалі.
Олимпиада чемпионы қазақстандық балуаннан алған жүлдесін қайтарды
Кезінде Дәулет Шабанбайдан медаль тартып алған ресейлік балуан Билял Маховтың атағы да, жүлдесі де жоқ болып шықты.
Қазақстан кубогының нағыз батыр қыздары: жеңімпаздар мен сенсациялар тізімі
24–30 мамыр аралығында Астанада өтіп жатқан үш стиль бойынша Қазақстан кубогында әйелдер арасындағы жарыстар мәресіне жетті.
Қазақстан кубогы – 2025: Еркін күресте кім "алтын" иеленді?
Астанада күрестің үш түрі бойынша Қазақстан кубогында еркін күрес бәсекелері аяқталды. Турнир ұлттық құраманың әлем чемпионаты мен халықаралық жарыстарға іріктеу кезеңі саналады. Биылғы додадан бірқатар тәжірибелі балуан бас тартқанымен жас спортшылар өздерінің мықтылығын дәлелдеуге мүмкіндік алды.
Еркін күрестен Қазақстан кубогының екінші жарыс күнінің финалистері анықталды
Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде күрес түрлерінен дәстүрлі Қазақстан кубогы жалғасып жатыр.
Күрестен Қазақстан жұлдызы ел кубогының финалына шықты (ВИДЕО)
Астанадағы еркін күрестен Қазақстан кубогында 92 келіге дейінгі салмақта алғашқы финалист анықталды. Бұл мәртебеге Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаушы Азамат Дәулетбеков ие болды.
Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері белдесуін мерзімінен бұрын аяқтады (ВИДЕО)
Азамат Дәулетбеков еркін күрестен Астанада өтіп жатқан Қазақстан кубогында айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Былтырғы чемпион құлады. Қазақстан кубогындағы кезекті сенсация
Еркін күрестен былтыр ел кубогын жеңіп алған Жамбыл облысының спортшысы Нұрсұлтан Садық күтпеген жерден жарысты аяқтады.