футзал
Қазақстан құрамасының тізгінін ұстайтын екі кандидат белгілі болды
Футзалдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері алдағы аптада ресми түрде белгілі болады. Федерация құрама тізгінін кімге сеніп тапсыратынын қазірден бастап пысықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша негізгі екі кандидаттың есімі анық.
Ұлттық құрама бас бапкеріне үміткер анықталды
Ұлттық құрама бас бапкері орны Кака кеткесін бос болып қалды.
«Қайрат» Хорватияда масқара болды
Қазақстандық АФК «Қайрат» 2025/26 маусымындағы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші кездесуін өткізді.
«Семей» Чемпиондар лигасында кезекті драма жасады
Қазақстандық «Семей» футзал клубы 2025/26 маусымындағы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші ойынын өткізді. Бұл жолы оларға Францияның «Этуаль» клубы қарсылас болды.
Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасында қос камбэк жасады
«Семей» футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңін жарқын жеңіспен бастады. Асқар Смақов шәкірттері Чехияның 16 дүркін чемпионы «Хрудимге» қарсы шықты.
Қазақстан Ташкентте Өзбекстаннан реванш алды
Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды екінші жолдастық кездесуде 5:2 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізеді
Өзбекстан футзал федерациясы Қазақстан ұлттық құрамасымен жолдастық кездесу өтетінін ресми түрде хабарлады.
«Семей» – «Қайрат» матчы жеті голмен аяқталды
Футзалдан Қазақстан чемпионатының 3-турында «Семей» елдің көпжылдық көшбасшысы «Қайратты» қабылдап, тартысты ойында айқын жеңіске жетті.
Екінші бразилиялық легионер ұлттық құрамамен қоштасты
«Семей» клубының футзалшысы, бразилиялық Лео Мендонка ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын жариялады.
Тағы бір аңыз ойыншы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады
Футзалдан Қазақстан құрамасының және Сауд Арабиясының «Аль-Ула» клубының қорғаушысы Дуглас Жуниор ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.
Қазақстан – Италия: Еуро-2026 жолдамасын шешкен драмалық матч
Астанада өткен шешуші ойын жанкүйерлердің жүрегін дүр сілкіндірді. Қазақстан мен Италия құрамалары футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасын сарапқа салды.
Қазақстан – Италия: Финалдық кезең жолдамасы сарапқа салынатын матч
Бүгін, 23 қыркүйек күні Астанада футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама беретін Қазақстан мен Италия құрамалары арасындағы жауапты плей-офф ойыны өтеді.
Италия – Қазақстан: Еуро-2026 жолдамасы үшін айқас
Ойын Фазано қаласында өтеді, ал жанкүйерлер үшін кездесуді тікелей эфирде «Qazsport» арнасы көрсетеді.
Ұлттық құрама тарихи жетістікке қол жеткізді
2027 жылы Астана алғаш рет жастар арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін қабылдайды. Бұл – еліміз спорт тарихында бұрын-соңды болмаған үлкен жетістік.
Астана Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін қабылдайды
Албания астанасы Тиранадағы УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында бірқатар халықаралық жарыстардың қожайындары анықталды. Соның ішінде Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) мен Қазақстан футзал қауымдастығының өтініші қолдау тауып, 2027 жылы 19 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі Астанада өтетіні белгілі болды.
Қазақстандық клуб Суперкубок қарсаңында жол апатына түсті
"Семей" футзал клубының ойыншылары мен жаттықтырушылар штабы Қазақстан суперкубогына дайындық барысында жол-көлік оқиғасына тап болды.
Футзалдан Қазақстан құрамасының көшбасшысы жаңа клубқа ауысты (ВИДЕО)
Қазақстан ұлттық құрамасының тәжірибелі ойыншысы Арнольд Кнауб футзалдағы мансабын жаңа кезеңге бастады. 30 жастағы қорғаушы Алматының "Қайрат" командасынан "Семейге" ауысып, ресми түрде жаңа келісімшартқа қол қойды.
Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы Қазақстанда ойнайды
Бразилия құрамасының қорғаушысы Марсело (толық аты — Марсело Аугусту дос Сантуш) "Семей" футзал клубына ауысады.
Тағы бір футзал жұлдызы "Семей" клубымен келісімшартқа отырды
Футзалдан Қазақстан құрамасының тәжірибелі ойыншысы Лео Мендонка елге қайта оралып, мансабын "Семей" клубында жалғастырмақ.
Жұлдызды шабуылшы ұлттық құрамаға тыйым салынғаннан кейін күтпеген клубқа ауысты
Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Тайнан кәсіби мансабын "Семей" футзал клубында жалғастырады.