Юлия Путинцева
Юлия Путинцева сәтсіз сериясын тоқтатты
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Қытайдың Сучжоу қаласында өтіп жатқан WTA 125 турнирінде жеңіске жетіп, екінші айналымға жолдама алды.
Қазақстан — АҚШ шайқасы: Путинцева мен Рыбакина ел тағдырын қалай шешті?
Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында Қазақстан мен АҚШ құрамалары кездесті. Шешуші сәт жұптық матчта анықталды.
US Open-да күтпеген нәтиже: Юлия Путинцева үшінші айналымға өте алмады
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатының (US Open-2025) үшінші айналымына шыға алмады.
Қазақстандық теннисші US Open-де камбэк жасап, келесі кезеңге шықты (ВИДЕО)
Юлия Путинцева (WTA рейтингінде – 54-орын) АҚШ ашық чемпионатындағы алғашқы ойынын сәтті өткізді.
Ұят па, пайда ма? Путинцева масқара боп жеңілгенімен қалтасын қомпайтып алды
WTA рейтингінде 33-орында тұрған Қазақстанның жетекші теннисшілерінің бірі Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің алғашқы айналымында сүрінді.
Рыбакина мен Путинцева Лондондағы турнирді жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Лондонда өтіп жатқан беделді турнирдің жұптық жарысындағы алғашқы матчында жеңіске жетті.
Юлия Путинцева Ресейдің үздік теннисшісімен кездеседі
Қазақстанның екінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 31-орында тұрған Юлия Путинцева Париждегі "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымына жолдама алды.
Қазақстанның екінші ракеткасы "Ролан Гарроста" жарқ етті
WTA рейтингінде 31-орында тұрған Юлия Путинцева Франция ашық чемпионатындағы алғашқы айналымын сенімді жеңіспен бастады. Ол аргентиналық Солана Сьерраны (WTA №110) 7:6, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстандық теннисшілердің биылғы табысы қандай болды? Рыбакина мен Путинцева алда
Елена Рыбакина 2025 жылғы маусымда да көшбасшы атағын бермей келеді.
Қазақстанның екінші ракеткасы Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты
Юлия Путинцева Италияның Парма қаласында өтіп жатқан беделді WTA 250 санатындағы турнирде ширек финалға жолдама алды.
Юлия Путинцеваның Римдегі матчы сенсациямен аяқталды
Рим қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің алғашқы айналымында Қазақстанның үздік теннисшілерінің бірі Юлия Путинцева күтпеген жерден жарыс жолынан шығып қалды.
Елена Рыбакина 50 минут ішінде Қазақстанды әлем чемпионатына алып шықты
Қазақстандық теннис жұлдызы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орын) Билли Джин Кинг кубогы іріктеу кезеңінде Колумбияның өкілі Юлиана Лизаразоны (684-орын) оңай ұтып, еліміздің финалдық кезеңге жолдама алуын қамтамасыз етті.
Қазақстан Австралияны шаң қаптырды
Қазақстандық теннисшілер Билли Джин Кинг Кубогының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында Австралияны ойсырата жеңді.
Қазақстандық теннисшілер коаламен суретке түсіп, Австралия зообағын тамашалады (ФОТО)
Қазақстан әйелдер теннис құрамасы Billie Jean King Cup іріктеу матчтарына дайындық барысында Брисбен қаласындағы зообақты аралап қайтты.
WTA рейтингі жаңарды. Елена Рыбакина тағы да төмен сырғыды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 10-орынға сырғыса, Юлия Путинцева бір саты алға жылжып, 23-орынға көтерілді.
Юлия Путинцеваның Майамидегі матчы күтпеген сенсациямен аяқталды
Майами қаласында (АҚШ) өтіп жатқан беделді WTA-1000 санатындағы турнирде Қазақстанның үздік теннисшілерінің бірі, әлемнің 24-ракеткасы Юлия Путинцева жарысты күтпеген жерден ерте аяқтады.
Қазақстанның екінші ракеткасы АҚШ-тағы беделді турнирде шиеленісті матч өткізді
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева даниялық Клара Таусонмен жұптасып, Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің алғашқы кездесуінде айқын жеңіске жетті.
Юлия Путинцева Дубай турнирінде күтпеген нәтиже көрсетті
Чехиялық Линда Носковамен жұптасқан қазақстандық теннисші жарыстың ширек финалына жолдама алды.
Юлия Путинцева Дубайдағы WTA-1000 турнирінің екінші айналымына шықты
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева чехиялық Линда Носковамен бірге жұптық бәсекенің екінші айналымына шықты.
Юлия Путинцеваның Дубайдағы ірі турнирде жолы болмады
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы ірі турнирдің алғашқы айналымында чехиялық Линда Носковамен тартысты матч өткізді.