кәсіпқой бокс
Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тағы кезекті жекпе-жегіне аттанып кетті (ВИДЕО)
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та өтетін кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
WBO Баходир Джалоловқа қатысты ресми шешімге келді
Суперауыр салмақта өнер көрсететін Өзбекстан боксшысы Баходир Джалолов WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) рейтингінде жоғарылады. Жаңартылған тізімде 11-орынға табан тіреді.
Дмитрий Бивол ұлын боксқа баулып жүр (ВИДЕО)
Бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Дмитрий Бивол өзінің ұлы Миронға бокстың негіздерін үйретіп жатыр. Бұл сәт желіде таралған бейнежазбада айқын көрінеді.
Әлемнің экс-чемпионы америкалықты нокаутпен жеңді (ВИДЕО)
Австралиядағы бокс кешінің басты жекпе-жегі күтпеген финалмен аяқталды.
Төрехан Сабырханды кәсіпқой боксқа неге жібермей отыр?
Қазақстандық талант Төрехан Сабырханға қатысты бапкер Қайрат Сәтжанов пікір білдірді.
Сәтжановтың батасын алғасын Сәкен Бибосынов кәсіби рингте дебют жасайды
Қазақстан құрамасының жұлдызы 20 шілде күні Бішкекте алғашқы кәсіби жекпе-жегін өткізеді.
"Астанада бәрін дәлелдеймін!" — Бекзат Нұрдәулетовтің басты жоспары ашық жарияланды
Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанадағы әлем кубогында топ жаруды көздеп отыр.
"Зия Алиев мені "лақтырып" кетті" - Мұхит Амантаев өтпей қалған жекпе-жек жайлы (ВИДЕО)
Жекпе-жекке үш ай бойы дайындалып, 15 миллион теңгесін жұмсаған боксшы жекпе-жекке үш күн қалғанда кештің өтпейтінін білген.
Головкиннің жақ сүйегі голливудтық фильмге шабыт берді (ВИДЕО)
Геннадий Головкин аты аңызға айналған "Жақ" ("Jaws") фильмімен байланыстырылды.
"Канело" залында жаттыққан қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін жариялады (ВИДЕО)
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет (14 жеңіс, 12 нокаут) өзінің келесі жекпе-жегінің нақты күнін жариялады.
"Канело" мен Кроуфордтың көз түйістіруі төбелеске ұласты (ВИДЕО)
Мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен америкалық Теренс Кроуфорд көз түйістіру кезінде жанжал шығарды.
Бибосыновты жылатқан олимпиада чемпионы сенсациялық жеңіліске ұшырады (ВИДЕО)
Англияның Бирмингем қаласындағы бокс кешінде күтпеген сенсация болды. WBC тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы уақытша чемпион, 2020 жылғы Олимпиада чемпионы Галал Яфай (9-1, 7 КО) мексикалық тәжірибелі боксшы Франсиско Родригестен (40-6-1, 27 КО) жеңіліп қалды.
Жәнібек мансабында үзіліс болуы мүмкін
Жәнібек Әлімханұлының промоутерлік компаниясы – атақты Top Rank – ESPN телеарнасымен серіктестігін тоқтатуы мүмкін. Бұл жағдай қазақстандық чемпионның болашақ жекпе-жектеріне тікелей әсер етуі ықтимал.
75 секундта екі нокдаун! Токиода әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтті (ВИДЕО)
WBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Брайан Норман Токиода өткен кештің басты жекпе-жегінде Дзин Сасакиді ауыр нокаутпен жеңді.
Шымкенттік чемпион қыз Азияның жаңа жұлдызы атанды
Қазақстандық жас боксшы Элина Базарова Азияны тәнті етті. Ол Шри-Ланкада 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, Азия бокс конфедерациясы (ASBC) тарапынан үздік әйел боксшы деп танылды.
Бибосыновтың ізімен: тағы үш чемпион кәсіпқой бокста дебют жасайды
Қазақстан құрамасының танымал боксшылары кәсіпқой рингте алғаш рет өнер көрсетеді.
Жеңіліп көрмеген Дычко АҚШ-та кіммен жұдырықтасады?
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко 19 шілде күні Вашингтонда кезекті жекпе-жегін өткізеді.
Жәнібек Әлімханұлы "тақтан" құлады
Кәсіби бокста жеңіліссіз келе жатқан қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы BoxRec рейтингінің жаңартылған нұсқасында көшбасшылықтан айырылды.
Кәсіпқой боксшыны Берлинде пышақтап кетті
Жеңіліссіз рекорд орнатқан чечен текті неміс боксшысы Абу Юсупов Берлиндегі Gesundbrunnen вокзалында пышақ жарақатынан қайтыс болды. 39 жастағы спортшыға артқы жағынан шабуыл жасалған. Полицияның жедел көмегіне қарамастан, боксшы ауруханада жан тапсырды.
"Жас Головкиннің" кезекті нокауты: Виктор Темиров Германияда қарсыласын жойқын соққымен тоқтатты (ВИДЕО)
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Темиров (8-0, 6 КО) Германияның Ганновер қаласында өткен бокс кешінде кезекті жеңісіне жетті. Оның қарсыласы — тәжірибелі поляк Лукаш Барабаш (4-17, 2 КО) жекпе-жекті соңына дейін жеткізе алмады.