қайғылы оқиға
Бұл тегте спорт әлемінде болған қайғылы оқиғалар туралы жаңалықтар жинақталған: жарыс немесе матч кезінде көз жұмған футболшылар, боксшылар, ММА жауынгерлері мен ауыр атлеттер, суға кетіп, жол апатынан және қар көшкінінен қаза болған спортшылар.
Нигериялық боксшы ринг үстінде есінен танып, көз жұмды (ВИДЕО)
Ганада өткен кәсіби бокс кешінде қайғылы жағдай болды. 40 жастағы нигериялық боксшы Габриэль Олувасегун Оланреваджу жекпе-жек кезінде есінен танып, артынша ауруханада қайтыс болды.
Алматыда қар көшкінінен кейін тау шаңғысы спортынан жаттықтырушы қаза тапты
17 наурыз күні Алматы тауларында қар көшкіні жүріп, салдарынан бір адам қаза тапты.
17 жастағы чемпион зілтемірдің астында қалып көз жұмды (ВИДЕО)
Үндістандық жасөспірімдер арасындағы ұлттық ойындардың алтын жүлдегері Яштика Ачарья спортзалдағы жаттығу кезінде 270 келілік зілтемірдің астында қалып, қайғылы қазаға ұшырады.