трансфер
"Бавария" жұлдызы Бақтиер Зайнутдиновке қарсы ойнайды
Германия құрамасының шабуылшысы әрі "Бавария" клубының жұлдызы Лерой Сане "Галатасарайға" ауысты. Бұл ақпаратты беделді инсайдер Фабрицио Романо әлеуметтік желіде растады.
"Реалда" бүлік шықты. Президент Хаби Алонсоның тілегін орындамады
Мадридтік "Реалдың" жаңа бас бапкері Хаби Алонсо маусым басталмай жатып клуб басшылығымен келіспеушілікке тап болды. Испаниялық Don Balon басылымының мәліметінше, бапкер "Реал Сосьедадтан" Мартин Субимендиді сатып алудан бас тартқанына қатты наразы.
Кевин Де Брюйне Италияда ойнайды
Бельгиялық жартылай қорғаушы Кевин Де Брюйне "Манчестер Ситиден" ресми түрде кетіп, "Наполиге" ауысты.
Бақтиер Зайнутдиновтың болашағы анықтала бастады: Түркиядан ресми ақпарат келді
Қазақстандық қорғаушыны "Динамо" шақырып отыр.
Флориан Вирц 150 миллион еуроға жаңа клубқа ауысты
"Байер" клубының жартылай қорғаушысы Флориан Вирц ресми түрде "Ливерпульге" ауысқалы отыр.
Беллингем — дортмундтық "Боруссияның" жаңа ойыншысы (ВИДЕО)
Ағылшын футболының жас жұлдызы Джоб Беллингем енді Бундеслига алаңдарында өнер көрсетеді. Ол "Сандерленд" клубынан дортмундтық "Боруссияға" ауысты.
"Қайрат" еурокубоктарда гол соққан бразилиялық шабуылшыны қатарға қосады
Алматытың "Қайраты" Словения чемпионаты мен еурокубоктарда көзге түскен 28 жастағы Эдмилсонмен келіссөз жүргізіп жатыр.
"Манчестер Сити" алғашқы жазғы трансферін жариялады (ВИДЕО)
"Манчестер Сити" қатарына "Вулверхэмптон" және Алжир құрамасының сол жақ қорғаушысы Райан Аит-Нуриді қосты.
Еркебұлан Сейдахметке шетелдік үш клубтан ресми ұсыныс түсті
Қазақстандық футболшының трансферлік болашағына байланысты нақты ұсыныстар белгілі болды.
"Реал" 17 жастағы бала үшін 45 миллион еуро төледі (ВИДЕО)
Корольдік клуб Аргентинада өнер көрсетіп жүрген жас футболшы Франко Мастантуононы өз құрамына қосудың соңғы кезеңінде.
Нұралы Әліп арзандады, Самородов қымбаттады – Transfermarkt бағаларды жаңартты
Transfermarkt порталы Ресей Премьер-Лигасында (РПЛ) өнер көрсетіп жүрген қазақстандық футболшылар – Нұралы Әліп пен Максим Самородовтың жаңа трансферлік бағаларын жария етті.
Қазақстан құрамасының қақпашысы АҚШ-та ойнайды
Ұлттық құраманың қақпашысы Максим Павленко Америка хоккей лигасына (АХЛ) ауысып, соңғы 15 жылда осы лигаға өткен алғашқы қазақстандық атанды.
Дастан Сәтпаевтың клубы жазда 14 футболшымен қош айтыспақ
"Челси" 14 футболшысын сатуға дайын. Клуб басшылығы құрамды түбегейлі жаңартуды көздеп отыр.
Қазақстан құрамасының жұлдызы түркиялық клубтан кетеді
29 жастағы Абат Айымбетов Түркияның "Адана Демирспор" клубынан ресми түрде кетіп, еркін агент атанады.
Лука Модрич енді "Миланның" моторы бола ма?!
Мадридтік "Реал" мен Хорватия құрамасының аңызға айналған футболшысы Лука Модрич алдағы маусымнан бастап Италияның "Милан" клубында өнер көрсетеді.
Беллингем "Реалдан" гөрі басқа клубты таңдады
Ағылшын футболының жас жұлдызы, "Сандерленд" клубының орталық жартылай қорғаушысы Джоб Беллингем мадридтік "Реалдың" жолымен емес, дортмундтық "Боруссияны" таңдағанын хабарлады.
35 миллион еуроға лайық па? "Ливерпульдің" жаңа трансфері жанкүйерлерді екіге бөлді (ВИДЕО)
Германияның "Байер" клубында өнер көрсеткен нидерландтық қорғаушы Джереми Фримпонг мерсисайдтықтар сапына қосылды.
Еурокубок финалисі қазақстандық ойыншыға көз тікті
Ғалымжан Кенжебекке испаниялық "Бетис" қызығушылық танытқан. Алайда жас ойыншының бағы басқа клубқа бұрылған.
Хаби Алонсо Лука Модричтің орнын басатын футболшыны таңдады
"Реал Мадрид" клубтық әлем чемпионатына дайындық аясында трансферлік жұмысты белсенді түрде жүргізіп жатыр. Клуб президенті Флорентино Перес маусымның соңына дейін негізгі ойыншылар мәселесін шешіп, команданы турнирге толық дайын күйде шығаруды көздейді.
Сульшер Зайнутдиновтың "Бешікташтағы" болашағына нүкте қойды
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов жазғы трансферлік терезеде түркиялық клубтан кетуі мүмкін.