Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Александр Бублик тарих жазды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Гонконгтағы ATP турнирінде топ жарып, отандық теннис тарихына тағы бір маңызды белгі қойды.

Әлемдік рейтингте ATP-дің 11-орнында тұрған Бублик финалда Италия өкілі Лоренцо Музеттиді (№7) екі сетте жеңді. Есеп: 7:6, 6:3.

Финалдық матч өте тартысты өтті. Бірінші сет тай-брейкте шешіліп, Александр маңызды ұпайларда мінсіз ойнады.

Гонконгтағы титулдың ең үлкен жаңалығы — жаңартылған ATP рейтингінде Александр Бублик топ-10-ға енеді. Бұған дейін ерлердің жекелей сынында қазақстандық теннисшілердің ешқайсысы мұндай деңгейге көтерілмеген.

Яғни, Бублик Қазақстан теннисі үшін тарихи топ-10 нәтижесіне қол жеткізеді. Әлемнің үздік ойыншыларымен бір қатарда тұрады.

Александр Бублик чемпиондыққа дейін бірнеше мықты қарсыласты қапы қалдырды. Турнир барысында ол:

  • Ботик ван де Зандшульп (Нидерланды, №75) — 6:3, 6:3
  • Шан Цзюнчэн (Қытай, №406) — 6:1, 7:6
  • Маркос Гирон (АҚШ, №64) — 3:6, 6:4, 6:2
Бұл туралы не ойлайсыз?