Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Рыбакина мен Гауфф бірге Бейжің кортына шықты

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен WTA рейтингінде төртінші орында тұрған америкалық Коко Гауфф China Open турнирі алдында бірлескен жаттығу өткізді. 

Рыбакина мен Гауфф бірге Бейжің кортына шықты
tennis365.com

Instagram желісіндегі Momodric in China парақшасы жариялаған видеода екі теннисші Бейжіңдегі Ұлттық теннис орталығында бэкхенд соққыларын пысықтап жатыр. Жазба авторы оларды US Open турнирінің екі чемпионы деп таныстырған.

Рыбакина WTA 1000 санатындағы China Open турнирінде бірінші нөмірмен тіркеліп, жарысты екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы украиналық Юлия Стародубцева мен армениялық Алина Чараева арасындағы матчта анықталады. Гауфф үшінші нөмірмен тіркелген. Негізгі жарыс 30 қыркүйекте басталады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?