Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Михаил Кукушкин Франциядағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Кемпердегі Челленджер турнирінің екінші айналымына шықты.

Михаил Кукушкин Франциядағы турнирді сәтті бастады
runasport.com

ATP рейтингінде 110-шы орын алатын Кукушкин әлемнің 129-шы ракеткасы словакиялық Йозеф Коваликпен шеберлік байқасты. 

Матч үш сетке созылды. Алғашқысында словакиялық теннисші тайбрейкте Михаилды қап қалдырды. Кейін қазақстандық теннисші жеңіске деген жігерлік танытып, қарсыласын 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Кукушкин турнирдің екінші айналымында корт иесі Титуан Дрогемен сынға түседі.   

Бұл туралы не ойлайсыз?