Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазбек Сағын vs Бағдат Жұбаныш трилогиясына жол ашық

Naiza лигасының президенті Нұрбек Қарабала алдағы өтетін Naiza 73 турнирі аясында Қазбек Сағын мен Бағдат Жұбаныш арасындағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

Қазбек Сағын vs Бағдат Жұбаныш трилогиясына жол ашық
instagram/@nurbekkarabala

Қарағандыдағы басты жекпе-жек: реванш тағдыры не болады?

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Қарағандыдағы Naiza 73 турниріне небәрі 16 күн қалды. Кештің басты айқасы — Қазбек пен Бағдат. Алдыңғы шайқаста жеңісті Сағын иеленді. Егер ол қайтадан жеңіске жетсе, бұл тартысқа нүкте қойылады. Ал Жұбаныш жеңсе, онда үшінші шешуші кездесу өткізілуі мүмкін", — деді Қарабала.

Еске сала кетейік, Қазбек Сағын мен Бағдат Жұбаныштың алғашқы жекпе-жегі төрешілердің бөлінген шешімімен Сағынның пайдасына аяқталды. Енді олардың реваншы Қарағандыдағы Naiza турнирінде өтеді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?