Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Шавкат Рахмонов әлемдік рейтингте төмен түсті

Отандасымыз бір жылдан аса уақыт октагонға шықпады. Оған жарақат себеп болды. 

Шавкат Рахмонов әлемдік рейтингте төмен түсті
sportarena.kz

Аралас жекпе-жек (ММА) бойынша FightMatrix.com сайты жартылай орта салмақтағы үздік файтерлердің жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады. Оған сәйкес, бірінші орынды қазіргі чемпион, ресейлік файтер Ислам Махачев (28-1) иеленді. Екінші сатыға Эквадордан шыққан жеңілмеген проспект Майкл Моралес (19-0) жайғасты.

Үздік үштікті австралиялық Джек Делла Маддалена (18-3) түйіндеді. Ол жақында ғана Махачевпен болған айқастан кейін чемпиондық белбеуден айырылып қалған еді.

Өз кезегінде қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (19-0) аталған рейтингте тек оныншы орынды қанағат тұтуға мәжбүр.

Топ-10 құрамындағы өзге файтерлер

FightMatrix нұсқасы бойынша үздік ондыққа енген спортшылар:

  • Камару Усман (21-4)
  • Иэн Гэрри (17-1)
  • Белал Мұхаммад (24-5)
  • Шон Брэди (18-2)
  • Карлос Пратес (23-7)
  • Леон Эдвардс (22-6)
Бұл туралы не ойлайсыз?