Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Комадан шыққан Айдос Ербосынұлы рингке оралады

Еске сала кетейік, Айдос Ербосынұлы 2022 жылдың қарашасында кубалық боксшымен жұдырықтасып, ауыр нокауттан кейін ауруханаға түскен.

Комадан шыққан Айдос Ербосынұлы рингке оралады
Vesti.kz

Кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) ұзақ үзілістен кейін рингке қайта оралады. 6 қараша күні Ресейдің Қазан қаласында кезекті жекпе-жегін өткізбек. Бұл туралы боксшы Instagram парақшасында өзі мәлімдеді.

"Оралатын сәт келді. Ұзақ үзілістен кейін 6 қараша күні шаршы алаңға қайта ораламын. Алла жазса ең үлкен белестерді бағындыру менің басты мақсатым. Қазан қаласында кездескенше", - деп жазды ол. 

Дегенмен Ербосынұлының қарсыласы нақты кім болатыны әзірге белгісіз. 

2022 жылы ауыр нокауттан кейін ауруханаға түсті

Еске сала кетейік, Айдос Ербосынұлы соңғы рет 2022 жылдың қарашасында кубалық Дэвид Морреллге қарсы жұдырықтасты. Сол кездесуде ол мерзімінен бұрын жеңіліп, ауыр нокауттан кейін ауруханаға жеткізілген болатын. Дәрігерлер боксшының миына қан құйылғанын анықтап, боксшының жасанды комада жатқанын жеткізді. 

Кейін Ербосынұлына хирургиялық операция жасалды. Содан соң боксшы ұзақ уақыт бойы денсаулығын қалпына келтірумен айналысып, оңалту курсынан өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?