"Бүгін сүріндік, ертең қайта тұрамыз": Назым Қызайбай жеңілістен кейін үн қатты
Отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп, Азия ойындарымен қош айтысқан еді.
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы сәтсіздігінен кейін алғаш рет үн қатты. Отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп, жарыспен қоштасқан еді.
Үш дүркін әлем чемпионы әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлерге қолдауы үшін алғыс айтып, Қазақстан құрамасында жарысты жалғастырып жатқан боксшыларға қолдау білдіруге шақырды.
"Бүгін сүріндік, ертең қайта тұрамыз"
Қызайбай Instagram-дағы сторисінде жеңілістен кейінгі ойын бөлісті.
"Өмір – алма кезек. Бүгін сүріндік, ертең қайта тұрамыз. Қолдау жазып жатқан жандарға өте көп. Рақмет, сіздерге. Қалған екі қызымызға қолдау көрсетеміз", – деп жазды боксшы.
Назым Қызайбай бұл жолы өзі үшін жаңа - 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Ол 1/8 финалда Қытай өкілі Чжао Сюаньмен кездесіп, төрешілердің шешімімен 1:4 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Назым Қызайбай – үш дүркін әлем чемпионы және 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері. Сондай-ақ ол Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны.