Алтын үшін айқас: Айбек Оралбай өзбек чемпионымен кездеседі
+90 келі салмақ дәрежесіндегі алтын медаль үшін қазақстандық боксшы Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокировпен кездеседі.
Қазақстан құрамасының суперауыр салмақтағы боксшысы Айбек Оралбайдың 2026 жылғы Азия ойындарының финалындағы қарсыласы анықталды.
+90 келі салмақ дәрежесіндегі алтын медаль үшін қазақстандық боксшы Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокировпен кездеседі.
Зокиров жартылай финалда қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді
Жахонгир Зокиров жартылай финалда Иран боксшысы Амир Эсмаили Вандеимен жұдырықтасты.
Өзбекстандық спортшы алғашқы раундтың өзінде қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Екінші раундта да төреші ирандық боксшыға есеп ашуға мәжбүр болды.
Кейін Эсмаилидің ауыр жарақатына байланысты жекпе-жек екінші раундта тоқтатылды.
Зокиров – әлем чемпионатының жүлдегері
Жахонгир Зокиров – 2025 жылғы World Boxing әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сонымен қатар ол 2021 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.
Ал Айбек Оралбай 2025 жылғы әлем чемпионы. Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы.
Айта кетейік, финалдық жекпе-жек 2 қазанда өтеді.