Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Жәнібек Әлімханұлы Александр Усикке қолдау білдірді

Әлімханұлы Усиктің Фьюриді нокаутқа түсіретініне сенімді.

Жәнібек Әлімханұлы Александр Усикке қолдау білдірді
NUR.KZ

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Эр-Рияд қаласына ұшып барып, украиналық Александр Усикпен кездесті.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Усикке британдық Тайсон Фьюримен өтетін реваншта жеңіс тіледі.

“Саған сәттілік, бауырым. Мен оның нокаутқа түсетініне сенемін”, – деп жазды Жәнібек Х әлеуметтік желісінде. 

Еске сала кетейік, Александр Усик пен Тайсон Фьюри арасындағы реванш 21-нен 22 желтоқсанға қараған түні Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді. Бұл жекпе-жекте Усикке тиесілі WBC, WBO, WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы титулдары сарапқа салынады. 

Усик пен Фьюри бұл жекпе-жектен жалпы 150 миллион фунт стерлинг табыс табады. Негізгі бөлігі украиналық боксшыға тиесілі болады, алайда қаражаттың нақты қалай бөлінетіні әзірге белгісіз. Бірінші жекпе-жек үшін қос боксшы шамамен 85 миллион фунт стерлинг алған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?