Жекпе-жек
Ангелина Лукас әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін рингке шығады (ВИДЕО)
Бұдан бөлек, қазақстандық боксшы жуырда Таразда жекпе-жек өткізбек екен.
Канело: "Бокс маған бәрін берді. Енді қоштасатын уақыт келді"
Сауль "Канело" Альварес мансабын аяқтауға ниетті екенін мәлімдеді.
Жалғас Жұмағұлов – Еуропаның беделді титулы үшін айқасқа шығады
Танымал еуропалық OCTAGON ММА лигасы Жалғас Жұмағұлов пен қазіргі чемпион, грузиялық Бено Адамия арасындағы титулдық айқасты ресми түрде жариялады. Бұл — Еуропадағы ең ірі жартылай жеңіл салмақ дәрежесіндегі жекпе-жектердің бірі болмақ.
"Күмәнім бар": Елдос Сайдалин үнді боксшылары жайлы пікір білдірді
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин үндістандық қыздар құрамасының жас ерекшелігіне қатысты күдігін жасырмады.
Қазақстандық таэквондошылар Сербияда 11 медаль жеңіп алды
Белградта (Сербия) өткен халықаралық Serbia Open G1 турнирінде Қазақстанның кадеттер мен юниорлардан құралған таэквондо құрамасы керемет нәтиже көрсетті.
"Күресетін қыздарға шаш қию керек": Бас бапкер отандық балуандарға ескерту жасады
Әйелдер күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Қайрат Сағадиев балуан қыздардың шашына қатысты ескертуін жеткізді.
Қазақстандық сұлу боксшы әлем чемпионы атағына таласады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Муздыман әлем чемпиондығы атағына таласуға дайындалып жатыр. Бұл туралы оның менеджері Уля Мұсаханова мәлімдеді.
"Джалоловтың жекпе-жегінде тағы да нокаут болады!" — Тедди Атлас сенсациялық айқас туралы ашық айтты
Танымал америкалық бокс сарапшысы және бапкер Тедди Атлас өз подкастында Токио-2020 Олимпиадасының финалистері — өзбекстандық Баходир Джалолов (15-0, 14 КО) пен америкалық Ричард Торрес (13-0, 11 КО) арасындағы мүмкін болатын реванш туралы пікір білдірді.
"Жаңа Головкин?" Садриддин Ахмедов мексикалық нокаутермен көз арбасты (ВИДЕО)
Жекпе-жек сәуірдің 19-ына жоспарланған. Ол АҚШ-тың Коммерс қаласында өтеді.
Геннадий Головкин 43 жасқа толды: GGG-дің барлық нокдаундары мен нокауттары бір видеода
8 сәуір күні әйгілі боксшы, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин 43 жасқа толды.
"Тілдерін тістеп отырсын": Олег Тактаров Биволдың шешімін сынға алғандарға жауап берді
UFC-дегі алғашқы ресейлік чемпион Олег Тактаров жартылай ауыр салмақта абсолютті чемпион атағынан айырылған Дмитрий Биволды қорғап шықты.
Төрехан Сабырхан: "Мен екі дүркін Олимпиада чемпионы болғым келеді"
5 сәуірде Астанада өткен кәсіпқой бокс кешінде Махмұд пен Төрехан Сабырхандар дебют жасап, қарсыластарын нокаутпен жеңген еді.
"Қазақы стиль жоғалды": Олимпиада чемпионы Қазақстан боксындағы басты проблеманы атады
2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев қазіргі қазақ боксының басты мәселелерінің бірі — ұлттық стильдің жойылуы екенін алға тартты.
Бивол WBC титулынан бас тартты: жаңа әлем чемпионы анықталды
Дмитрий Бивол WBC тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белдігінен ресми түрде бас тартты.
Ангелина Лукас: "Арманым — чемпиондық белбеуді Таразда қорғау"
Әлемнің төрт бірдей беделді нұсқасы бойынша (IBO, WBF, WIBF, WBC) чемпион атанған қазақстандық боксшы Ангелина Лукас жанкүйерлерін қуантатын жаңалығын бөлісті.
13 салмақ – 13 алтын. Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде қарсыластарын басып озды
Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнир аяқталды. Қазақстан құрамасы ерлер арасында барлық 13 салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Балауса Мұздыман мен Ангелина Лукас жекпе-жегі өтпейтін болды. Кім кінәлі?
Қазақстандық боксшылар Балауса Мұздыман мен Ангелина Лукас арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды. Бұл туралы Мұздыманның менеджері Уля Мұсаханова пікір білдіріп, басты себепті атады.
Данияр Елеусінов UFC басшысы құрған лигада қашан дебют жасайтынын айтты
Олимпиада чемпионы TKO Boxing аясында жекпе-жекке жазда шығады.
Елдос Сметов "алтын" алған шаһарға оралды
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов отбасымен бірге Франция астанасы Парижге аттанды.
Жәнібек Әлімханұлы Қазақстандағы жекпе-жекте ең ірі гонорарға ие болды
2025 жылдың 5 сәуірінде Астанада өткен бокс кешінде орта салмақтағы WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы француз Анауэль Нгамиссенгені техникалық нокаутпен жеңіп, мансабындағы ең табысты жекпе-жегін өткізді.