Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан жасөспірімдер Олимпиадасында тағы бір медаль алды

Триатлоннан сынға түскен Рамазан Айнегов қола жүлдегер атанды.

Қазақстан жасөспірімдер Олимпиадасында тағы бір медаль алды
olympic.kz

Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан құрамасы екінші медалін иеленді.

Триатлоннан сынға түскен Рамазан Айнегов қола жүлдегер атанды. Қазақстандық триатлоншы жарыс жолын 53 минут 27 секундта аяқтады.

Ол жапониялық Дайки Нисидзакимен бір уақытта мәреге жетіп, үшінші орынды бөлісті. Екі спортшы да жеңімпаздан небәрі 14 секундқа қалып қойды.

Алтын жүлдені Португалия өкілі жеңіп алды

Жарыстың жеңімпазы португалиялық Артур Гашпар болды. Ол мәреге 53 минут 13 секундта жетті.

Екінші орынды Люксембург атынан өнер көрсеткен Эмиль Ванолст иеленді. Оның нәтижесі – 53 минут 23 секунд.

Қазақстан қоржынында екі медаль бар

Осылайша, Қазақстан құрамасының Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасындағы жүлде саны екіге жетті. Бұған дейін ел қоржынына алғашқы медальді дзюдошы Фатима Сұпығалиева салған еді. Ол 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қазақстан U19