Ауыр салмақта жұдырықтасқан ганалық боксшы Эбенезер Теттех ағылшындық Фрейзер Кларктан алғашқы раундта жеңіліп, төрешіге қарсы өз эмоциясын ұстай алмады. Оқиға Англияның Бирмингем қаласында болды.
Жекпе-жек басталған сәттен-ақ Кларк бірнеше ауыр соққы жасап, Теттехті нокдаунға жіберді. Төреші есеп ашып, ганалық спортшыға мүмкіндік бергенімен бірнеше секунд өткен соң айқасты тоқтатты. Кларкке техникалық нокаутпен жеңіс жазды.
The Sun дерегінше, Теттех бұл шешімге төзе алмай, рефери Стив Паркерге ашумен жүгіріп барған. Оны залда жүрген қауіпсіздік қызметкерлері сабырға шақыруға мәжбүр болды. Боксшы ресми нәтиженің жариялануын күтпестен рингтен шығып, бірден киім ауыстыру бөлмесіне кетіп қалды.
Жанкүйерлерді алаңдатқан бұл әрекет бейнежазбаларға түсіп қалған. Онда Теттехтің ашулы күйде төрешіге қарай шапшыған сәті анық көрінеді.
Эбенезер Теттех кәсіби мансабында осымен үшінші рет жеңіліп отыр. Барлық жеңілістері — мерзімінен бұрын тоқтатылған жекпе-жектер. Ал бұл жолы ол екінші мәрте қатарынан жеңіліске ұшырады.
Ағылшын боксшысы Фрейзер Кларк үшін бұл кездесудің маңызы зор болды. Бұған дейін ол Фабио Уордлиден жеңіліп қалды. Енді өзінің кәсіби мансабындағы оныншы жеңісіне жетіп, рингке сенімді түрде оралды.