Асу Алмабаевтың ауыр жеңілістен соң октагонға қашан оралатыны белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі

Бапкері Эдуард Базров шәкіртінің ұзақ үзіліссіз жекпе-жекке шыққанын қалайды.

Асу Алмабаевтың ауыр жеңілістен соң октагонға қашан оралатыны белгілі болды
el.kz

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаевтың октагонға қашан оралатын уақыты белгілі бола бастады. Оның жеке бапкері, “Зульфикар” клубының жетекшісі Эдуард Базров шәкіртін 26 шілдеде Әбу-Дабиде өтетін UFC турнирінде көргісі келетінін мәлімдеді.

“Иә, біз шілде айында жекпе-жекке шыққымыз келеді. Үзіліс жасап, уақыт жоғалтқымыз келмейді. Әзірге келісімшартқа қол қойылған жоқ, қарсыласымыз да белгісіз. Бірақ бізде жарысқа деген ниет бар. Үлкен ықтималдықпен Әбу-Дабиде боламыз”, — деді Базров.

Асу Алмабаев қазір физикалық тұрғыда жақсы формада. Ол келесі жекпе-жекке дайындықты бастап кеткен. Бұл туралы “Спорт Шредингера” басылымы хабарлады.

Еске салайық, Асу Алмабаев 2025 жылдың наурызында Лас-Вегаста өткен UFC турнирінде бас кардты бастап шыққан тұңғыш қазақстандық спортшы атанды. Дегенмен бұл кеште ол Манель Капеден нокаутпен UFC-дегі алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір