Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Бек Нұрмағамбеттің нокауты "Жыл үздігі" атанды

Жуырда DAZN қазақстандық боксшы жеңісінің үздік сәттерін жариялады. 

DAZN стриминг платформасының YouTube арнасында қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (17-0, 15 КО) пен мексикалық Маркос Родригес (21-4-1, 10 КО) арасындағы жекпе-жектің үздік сәттері жарияланды. Қос боксшы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен бокс кешінде кездескен еді.

Қазақстандық боксшы кездесуді ұзаққа созбай, Родригесті алғашқы раундта нокаутпен жеңген болатын.

DAZN бұл нокаутты "жыл нокауты" деп бағалады.

Кештің басты жекпе-жегінде "Канело" жеңіске жетті

Эр-Риядтағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде мексикалық Сауль "Канело" Альварес (64-3-2, 39 КО) пен француз Кристиан Мбилли (29-1-1, 24 КО) кездесті.

Айқас толық қашықтыққа созылып, Альварес төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. Осы нәтижеден кейін "Канело" екінші орта салмақтағы WBC әлем чемпионы атағын қайта иеленді.

Бұл туралы не ойлайсыз?