Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Әлімханұлынан "қашқан" Шираз "Канеломен" айқасуды көздейді

Бұған дейін Шираз Жәнібек Әлімханұлына қарсы міндетті түрде қорғаудан бас тартып, титулын босатқан еді.

Әлімханұлынан "қашқан" Шираз "Канеломен" айқасуды көздейді
sport-hub.kz

Британдық боксшы Хамза Шираз мексикалық жұлдыз Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.

Бұған дейін Шираз WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына қарсы міндетті түрде қорғаудан бас тартып, титулын босатқан еді.

Шираз "Канелоның" жекпе-жегін көрді

Британдық боксшы Эр-Риядта өткен Сауль Альварес – Кристиан Мбилли кездесуіне қатысты. Бұл айқаста "Канело" француз боксшысын жеңіп, екінші орта салмақтағы WBC әлем чемпионы атағын иеленді.Осыдан кейін Шираз мексикалықпен жұдырықтасуға қызығушылық білдірді.

Шираз DAZN эфирінде Майк Коппинджерге берген сұхбатында мақсатын ашық айтты.

"Неге өзіңді ең мықтыларға қарсы сынап көрмеске? Мен бұл спортқа үздік болу және "Канело" секілді боксшылармен кездесу үшін келдім. Мұндай жекпе-жек туралы тек армандауға болады. Күн сайын оянып, бұрынғыдан да көп жаттығамын. "Канеломен" кездесу біртіндеп шындыққа айналып келеді", – деді Шираз.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы вакантты WBO әлем чемпионы атағы үшін даниялық Якоб Банкпен жұдырықтасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?