Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Қайрат" – "Пафос" матчы алдында Алматыда жолдар жабылып, жанкүйерлерге 60 автобус бөлінеді

Сарапшы, спорт журналисі
20.10.2025, 19:34

21 қазанда Алматының Орталық стадионында өтетін "Қайрат" пен кипрлік "Пафос" арасындағы Чемпиондар лигасы матчына байланысты қалада көлік қозғалысы шектеледі. Сонымен қатар жанкүйерлердің ыңғайы үшін 60 арнайы автобус іске қосылады.

NUR.kz
Реклама
Реклама

Матч қашан және қайда өтеді?

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, кездесу 21 қазан күні сағат 21:45-те басталады. Матч өтетін Орталық стадион маңында үлкен көлік жүктемесі күтіліп отыр.

«Ойын күні көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеулер Абай даңғылы, Байтұрсынов, Сәтбаев және Шевченко көшелерінің бойында енгізіледі. Тұрғындар мен жанкүйерлерден жол бағытын алдын ала жоспарлап, қоғамдық көлікті пайдалануды сұраймыз», – делінген әкімдік хабарламасында.

Ойыннан кейін жанкүйерлерді үйлеріне ыңғайлы жеткізу үшін 60 қосымша автобус келесі бағыттар бойынша қатынайды:

  • А1: Орталық стадион – "Алматы Арена" (Абай даңғылы, батыс бағыт);
  • А2: Орталық стадион – Райымбек/Алатау (Абай даңғылы, батыс бағыт);
  • А3: Орталық стадион – Алматы-1 теміржол вокзалы (Байтұрсынов көшесі, солтүстік бағыт);
  • А4: Орталық стадион – Орбита шағын ауданы (Байтұрсынов көшесі, оңтүстік бағыт);
  • А5: Орталық стадион – Жұлдыз шағын ауданы (Абай даңғылы, шығыс бағыт);
  • А6: Орталық стадион – Әуежай (Абай даңғылы, шығыс бағыт).

Қауіпсіздік және ұйымдастыру шаралары

Әкімдік жанкүйерлерге матчқа ертерек келіп, билеттерде көрсетілген кіреберістер арқылы өтуге кеңес береді. Бұл ұзын-сонар кезекті азайтып, стадиондағы тәртіп пен жайлылықты қамтамасыз етуге көмектеседі.

Ойын кезінде қауіпсіздікті сақтау мақсатында екі жедел жәрдем көлігі стадион аумағында кезекшілік етеді.

«Жанкүйерлерден сабыр сақтап, өзара құрмет танытуын және команданы мәдени түрде қолдауын сұраймыз», – делінген әкімдік хабарламасында.

Бұл матч — УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі аясында өтеді. Қазақстанның көп мәрте чемпионы "Қайрат" өз алаңында Кипрдің үздік клубы – "Пафосты" қабылдайды. Кездесу ел футболы жанкүйерлері үшін маңызы зор ойын болмақ.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары