Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Қайраттың" жұлдызы клубтан кететін болды

Сарапшы, спорт журналисі
21.10.2025, 10:56

Зария «Қайратқа» 2024 жылғы маусым басталар алдында қосылған.

Сурет: "Қайрат" ФК
Реклама
Реклама

Грузиялық жартылай қорғаушы Гиорги Зария маусым аяқталған соң «Қайраттан» кетеді.

28 жастағы футболшының алматылық клубпен келісімі жыл соңына дейін есептелген және екі тарап келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдаған. Зария «Қайратқа» 2024 жылғы маусым басталар алдында қосылып, екі жыл ішінде команданың маңызды ойыншыларының біріне айналды. Ол ҚПЛ-2024 маусымының үздік жартылай қорғаушысы атанып, алматылық ұжымға ел чемпионаты мен 2025 жылы Қазақстан Суперкубогын жеңіп алуға көмектесті.

Биылғы маусымда Зария «Қайратпен» бірге УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетіп жатыр және қазір командамен бірге премьер-лигадағы чемпиондық атаққа таласуда. Біріншіліктің аяқталуына бір тур қалғанда алматылықтар «Астанадан» 2 ұпайға алда келеді. Шешуші ойын 26 қазан күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Ал бүгін, 21 қазан күні, «Қайрат» Чемпиондар лигасының аясында өз алаңында Кипрдің «Пафос» клубын қабылдайды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары