Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Шахтер» бас бапкерсіз қалды

Сарапшы, спорт журналисі
01.11.2025, 16:18

Чехиялық маман Иржи Ярошик қарағандылық командадағы қызметінен кететінін мәлімдеді. 

instagram/@shakhterfc
Реклама
Реклама

Иржи Ярошик: «Мен үйге оралдым, ал "Шахтерде" жаңа бапкер болады»

48 жастағы маман өзінің отставкасын растады:

«Мен қазір Чехиядамын. "Шахтерде" енді жаңа бапкер жұмыс істейді. Қазақстан клубтарынан әзірге нақты ұсыныс түскен жоқ. Алдағы уақытта бәрін көре жатармыз», — деді Ярошик.

2025 жылғы маусым — қарағандылық клуб тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі болды. Команда алғаш рет ел чемпионатының жоғары дивизионынан тыс ойнады.

"Шахтер" Бірінші лигада төртінші орын алып, Премьер-лигаға қайта оралу мүмкіндігін жіберіп алды.

Жанкүйерлер клубтан үлкен өзгерістер күтуде. Көпшілік Ярошиктің кетуі жаңа кезеңнің бастамасы болады деп үміттенеді.

Чехиялық маманның мансабы мен "Шахтердегі" рөлі

Бұрынғы футболшы Иржи Ярошик — тәжірибелі спортшы әрі бапкер. Ол кезінде Мәскеудің ЦСКА және Лондонның "Челси" командаларында ойнаған.

"Шахтерде" ол тренер-кеңесші лауазымын атқарғанымен іс жүзінде бас бапкердің міндетін Андрей Финонченкомен бірге атқарды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары