Бұрын «Тобыл» сапында ойнаған италиялық шабуылшы Годберг Купер алдағы «Интер» – «Қайрат» кездесуінің алдында мәлімдеме жасады.
Чемпиондар лигасының жаңа форматында әр ұпай алтынмен тең. Сондықтан Симоне Индзаги шәкірттері Миланда өтетін матчқа негізгі құраммен шығады. “Тобыл” сапында ойнаған италиялық футболшы Годберг Купер осылай дейді.
«Мен сенімдімін — "Интер" барлық негізгі ойыншыларын шығарады. Бұл жаңа форматта әрбір ойынның маңызы зор. Олар тіпті Италия чемпионатында "Фиорентинаға" қарсы да негізгі құраммен ойнады. Сол сияқты "Қайратқа" қарсы да бар күшін салады», — деді Годберг Купер ASnews.kz порталына берген сұхбатында.
Оның пікірінше, италиялық команда үш ұпайды міндетті түрде алу керек, өйткені алда оларды аса қиын қарсыластар күтіп тұр — "Атлетико", "Ливерпуль" және "Боруссия Дортмунд".
«Кейбіреулер "Қайратты" жеңіл ойын деп ойлауы мүмкін, бірақ Лига чемпиондарында ондай кездесу болмайды. Бұл турнирге шыққан кез келген команда өз орнын әділ жеңіп алған», — деді ол.
Алматылық «Қайрат» топтық кезеңнің алғашқы үш турында бір ғана ұпай жинады:
Команда әзірге жеңіс көрмегенімен, өз ойынын табуға тырысып жүр. Ал төртінші турда оларды Миландағы әйгілі «Сан-Сиро» стадионында «Интермен» сын күтіп тұр.