Корольдік клуб жас жұлдыз Арда Гюлердің 75-ойынынан кейін бұрынғы клубы «Фенербахчеге» €2 млн бонус төлеуі тиіс.
Ла Лиганың 11-туры аясында «Реал Мадрид» өз алаңында «Валенсияны» 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл матч тек нәтижесімен емес, Арда Гюлердің 75-ойынымен де есте қалды.
19 жастағы түрік жартылай қорғаушысы үшін бұл кездесу – мадридтік клуб сапындағы мерейтойлық ойын болды. Ал келісімшарттағы шартқа сәйкес, дәл осы матчтан кейін «Реал» «Фенербахчеге» €2 миллиондық бонус төлеуге міндетті болды. Diario AS басылымының хабарлауынша, бұл төлем — екі клуб арасындағы трансфер келісімінің бөлігі.
Гюлер мадридтік клубқа 2023 жылдың жазында Түркияның «Фенербахчесінен» ауысқан болатын. Бастапқы трансфер құны €20 миллион болса, қосымша бонус төлемдерімен бірге жалпы сома €26 миллионға жетті.
Осы уақыт ішінде Арда Гюлер «Реал» сапында:
Жас болғанына қарамастан, ол қазірдің өзінде «корольдік клубтың» негізгі құрамына енуге жақын және Испаниядағы ең талантты жартылай қорғаушылардың бірі саналады.
Бұл бонус түрік клубы үшін де маңызды табыс көзіне айналды. «Фенербахче» өз түлегін ерте сатқанына қарамастан, келісімге түрлі бонус шарттарын енгізіп, қаржылық тұрғыдан ұтымды қадам жасаған болатын.