Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Өзбекстан ӘЧ қатысушын жеңіп, финалға шықты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 00:56

Өзбекстан құрамасы Al Ain International Cup-2025 турнирінің жартылай финалында Египетті 2:0 есебімен жарыс жолынан шығарып, сенсация жасады. 

Instagram/@uzbekistanfa
Реклама
Реклама

Белсенді ойын нәтиже берді

Кездесу басынан-ақ өзбек футболшылары белсенді ойын көрсетті. 4-минутта Остон Урунов қарсылас қорғаушыларын қапы қалдырып, есеп ашты.

Тайм аяқталар тұста, яғни 43-минутта Урунов тағы бір гол соғып, дубль рәсімдеді. Осылайша ойынның түпкілікті нәтижесі белгіленді. 

Бұл жеңіс күтпеген жағдай болды. Себебі Мысыр құрамасы жартылай финалдың фавориті саналатын.

Финалға жолдама

Финалда Өзбекстан құрамасы Иранмен кездеседі. Өз кезегінде олар жартылай финалда Кабо-Вердеден пенальти сериясында басым түсті. 

Турнирге қатысқан төрт құраманың барлығы да 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған.

Олардың қазіргі ФИФА рейтингтері:

  • Иран — 21-орын
  • Мысыр — 32-орын
  • Өзбекстан — 55-орын
  • Кабо-Верде — 71-орын
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары