«Жетісу» және Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дінмұхамед Қашкен кәсіби футболдағы жалақысы, келісімшарттары және Еуропада алған ең ірі табысы туралы айтып берді.
Футболшының сөзінше, Қазақстан чемпионатында тұрақты ойнайтын және ұлттық құрамада өнер көрсететін спортшылар үшін қаржылық жағдай жаман емес.
«Егер сен тұрақты ойнап, нәтиже көрсетсең — отбасыңды қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар. „Астана“, „Қайрат“, „Ақтөбе“, „Елімай“ секілді клубтарда дұрыс карьера құрсаң, жайлы өмір сүріп, қаржы жинауға болады», — деді Қашкен.
Қашкен трансферлік келіссөздер кезінде қаржыны бірінші орынға қоймайтынын жасырмады.
«Клубтармен сөйлескенде жалақы туралы ешқашан сұрамағанмын. Мен үшін ең маңыздысы — ойнай беру. Басшылар да біледі: мені ақша қызықтырмайды», — деп жауап берді ол.
Қорғаушының сөзінше, оның мансабындағы ең жоғары табыс Литваның «Жальгирис» клубында болған.
Негізгі жалақы: 15 000 доллар + бонус
Конференция лигасына шыққаны үшін — 40 000 еуро сыйақы
«Алғашқы айлық үш мың доллар еді. Чебурин әр 10 матч сайын жалақы өсетінін айтты. Солай болды да», — дейді футболшы.
Дінмұхамед Қашкен «Астана» және «Ақтөбеде» алған жалақысы шамалас болғанын мойындады.
«Доллардың бағамы төмен еді. „Астана“ мен „Ақтөбеде“ шамамен бірдей алдым. Әлі Қазақстанда өте үлкен контракт алып көрмедім. Мүмкін, бәрі алда», — деді ол.
Дінмұхамед Қашкен әр жылдары келесі клубтарда өнер көрсетті: