Жекпе-жек
Ауыр нокдауннан кейінгі камбэк: Еуропа чемпионы атағынан айырылды
Шеффилд қаласындағы Park Community Arena-дағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде күтпеген нәтиже тіркелді. IBF нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы, жеңіл салмақтағы (61,2 кг дейін) уэльстік Бен Крокер (14-1-1, 2 КО) атағын сақтап қала алмады. Ол ирландиялық Шон Маккомбқа (20-2, 5 КО) ұпай санымен жеңілді.