Бәрі-бір
Перизат Қайраттың мүлкі қазақстандықтарға сатылмақ: Тізімде элиталық үйлер мен қымбат көліктер бар
Қазақстанда атышулы іске қатысты жаңа мәлімет жарияланды. Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) хабарлағандай, сот үкімі бойынша тәркіленген Перизат Қайраттың мүлкі қазақстандықтарға аукцион арқылы сатылады. Жиналған қаражат жәбірленушілерге өтемақы ретінде қайтарылады.