Футбол
Мохаммед Салах — Англияның жыл ойыншысы атанды (ВИДЕО)
Англиядағы футбол журналистері қауымдастығы (FWA) 2025 жылғы маусымның үздік ойыншысы ретінде "Ливерпульдің" шабуылшысы Мохаммед Салахты таңдады. Мысырлық футболшы бұл марапатты үшінші рет иеленіп отыр. Бұған дейін бұл атаққа 2017/2018 және 2021/2022 маусымдарында лайық деп танылған.