Жекпе-жек
Ресейлік боксшы Монреальда ауыр нокаутқа түсті (ВИДЕО)
Канададағы Монреаль қаласында өткен бокс кешінде ресейлік Владимир Шишкин (16-2, 10 КО) ауыр жеңіліске ұшырады. IBF суперорта салмақтағы (76,2 кг дейін) элиминатор жекпе-жегінде ол кубалық нокаут шебері Ослейс Иглесиасқа (14-0, 13 КО) төтеп бере алмады. Сонымен қатар жекпе-жекте Иглесиастың IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы да қорғалды.