Авто
Қазақстанда жолақы 500 теңгеге қымбаттайды ма?
Мұнай-газ саласының сарапшысы және Энергетика министрлігінің бұрынғы Қоғамдық кеңес мүшесі Олжас Байділдинов елдегі қоғамдық көлік тарифін 500 теңгеге дейін көтеру қажет деп санайды. Оның айтуынша, Астана мен Алматыдағы автопарктер шығынмен жұмыс істеп жатыр, ал қазіргі тарифтер олардың нақты шығынын өтемейді.