Малайзияның Кучинг қаласында өткен таеквондодан жастар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 11 медальмен жалпыкомандалық есепте үшінші орын иеленді.
Жас спортшыларымыздың қоржынында — 3 алтын, 1 күміс және 7 қола медаль.
Алтын иеленгендер:
Бұл — Қазақстан үшін тарихи жетістік. Себебі соңғы рет біздің ел таеквондошысы 2005 жылы Алматыда өткен Азия чемпионатында ғана чемпион атанған еді. Ол кезде Давранбек Ризаев алтын медаль иеленді.
Тағы жеті спортшы қола жүлдені иеленсе, бір спортшы күміс медаль жеңіп алды. Бұл нәтижеге Нұрболат Жаңбыров пен Жалғас Бекқасымов секілді бапкерлердің еңбегі зор болды.
Жалпы есеп бойынша көшті таеквондоның отаны саналатын Оңтүстік Корея бастады. Алдыңғы бестікте: