Абиба Әбужақыноваға стипендия тағайындалды
26.11.2024, 23:46
Ол ASSYLTAS қоры беріп отыр.
runasport.com
Дзюдодан әлем біріншілігінің екі дүркін жүлдегері Абиба Әбужақынова тағы бір марапатқа ие болды.
Атап айтқанда, ASSYLTAS қоры оған стипендия тағайындады. Бұл туралы аталған қордың ресми өкілі Рауан Оқас мәлімдеді.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында 48 келіде күресіп, бесінші орын иеленген Абиба Әбужақынова елге оралған соң демеушілер тарапынан дайындалған бірқатар сыйлыққа ие болған еді. Оның ішінде "Жеңіс" дзюдо клубының негізін қалаушы Алмаз Әлсенов, Атырау облысының кәсіпкерлері және еліміздегі саяси партия өкілдері үш көлікті сыйға тартты.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама