Арайлым Шегенова кураштан қола жүлде иеленді
Финал жолдамасы үшін өткен белдесуде Арайлым Шегенова Оңтүстік Корея спортшысы Ким Мин Ёнмен кездесті.
Қазақстандық спортшы Арайлым Шегенова Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында кураштан қола жүлде иеленді.
Шегенова 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын.
Жартылай финалда Оңтүстік Корея өкіліне жол берді
Финал жолдамасы үшін өткен белдесуде Арайлым Шегенова Оңтүстік Корея спортшысы Ким Мин Ёнмен кездесті.
Жекпе-жек қорытындысында жеңіс кореялық спортшыға бұйырды. Осылайша, қазақстандық спортшы финалға шыға алмады.
Айта кетейік, жартылай финалға дейін жеткен Арайлым Шегенова Азия ойындарын қола медальмен аяқтады.
Осы нәтижесінің арқасында Қазақстан құрамасының жүлде қоры тағы бір медальмен толықты.
Бұған дейін қазақстандық мергендер "Трап" бағдарламасы бойынша командалық жарыста үздік үштікке енген еді.