ҚПЛ
Жарнама
Жарнама

Болжамдар

ҚПЛ 2026: сарапшылар әр матчқа болжам жасайды — есеп, жеңімпаз және дәлелдер.
25 26

26-тур

Каспий 1:2 Ақтөбе
Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен Aladop.kz
1 X 2 дұрыс

Ақтөбе сырт алаңда жеңілмейді, шағын болса да басымдық қонақтарда. Дегенмен Каспий де гол салады — голға бай кездесу күтіледі.

Елімай 2:1 Жетісу
Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен Aladop.kz
1 X 2 дұрыс

Семейде толы стадион қолдау көрсетеді, Жетісуда Сергей Мужиков жоқ әрі сырт алаңда Елімайды ұтатындай жағдай жоқ. Елімайдың таза жеңісі.

Ордабасы 1:0 Астана
Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен Aladop.kz
1 X 2 дұрыс

Астанада жалақы мәселесі мен екінші құрам туралы әңгімелер жүр, ал Ордабасы чемпиондық таласта ұпай жоғалтуға тиіс емес. Өз алаңында, ерекше атмосферада Ордабасы жеңеді.

Жеңіс 3:1 Қызылжар
Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен Aladop.kz
1 X 2 дұрыс

Слишкович негізгі құрамды осы матчқа сақтап қалды, елордада Жеңіс басым түседі. Қызылжар сапындағы Бугре гол салып, қиындық тудыруы мүмкін.

Қайсар 1:0 Атырау
Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен Aladop.kz
1 X 2 дұрыс

Алты ұпайға таласты матч: Қайсар үшін шегінер жол жоқ, өз алаңында Атыраудан басым түсуі керек. Фаворит — Қайсар.

Ертіс 2:1 Оқжетпес
Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен Aladop.kz
1 X 2 сәйкес емес

Екі команда да шабуылға бейім, голға бай ойын күтіледі. Оқжетпесте Ордабасыға қарсы матчтағыдай мотивация болмауы мүмкін, сондықтан Оқжетпес жеңілмейді (Х2), тең нәтиже ықтимал.

Ұлытау 0:3 Алтай
Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен Aladop.kz
сәйкес емес

Ұлытау өз алаңында оңай үш ұпай жинай алмайды: Алтай да жасанды алаңда ойнауға дағдыланған және міндетті түрде гол салады. Нақты нәтижеге болжам жоқ.

Қайрат 1:4 Тобыл
Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен Aladop.kz
1 X 2 сәйкес емес

Қайрат керемет формада, бірақ Тобыл ірі командалармен ойнауға дағдыланған, қарсылық көрсетіп, гол салуы мүмкін. Ірі есеп болмайды, дегенмен Қайрат жеңіске жетеді.