Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бапкері қызметінен кетті

Редактор Penalty.kz
20.04.2025, 20:20

Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының бас бапкері Александр Кузнецов қызметінен кеткенін мәлімдеді. 

Vesti.kz

Кузнецов өзінің жазбасында ұлттық құрамадағы қызметін мақтанышпен еске алып, жас ойыншылармен жұмыс істеген кезеңді маңызды тәжірибе деп атады:

"Бүгін мен жасөспірімдер құрамасының бас бапкері ретіндегі қызметіммен қоштасып отырмын. Бұл — мен үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік болды. Мемлекеттің атынан сынға түсу, көкірегінде ел туы бар, намысты жігіттермен жұмыс істеу — ұмытылмас тәжірибе. Қызметім қысқартылды. Мәліметтің мән-жайына тоқталмай-ақ қояйын. Бәрін сабырмен қабылдаймын. Мен ұлттық құрамалар департаментінде халықаралық деңгейдегі маман ретінде қалыптастым. Бұл жол — маған бағасыз тәжірибе, нағыз сынақтар мен ерекше сезімдер сыйлады. Маған сенім білдіріп, қолдаған әрбір басшыға алғысым шексіз".

Кузнецов жазбасында өзінің жетекшілігімен U-19 құрамасының жеткен жетістіктерін де атап өтті. Оның тұсында қазақстандық жасөспірімдер бірнеше маңызды кездесулерде жеңіске жеткен еді.