Рыбакинадан жеңілгеннен кейін Соболенкоға ірі айыппұл салынуы мүмкін
Yahoo Sports Соболенконың финалдан кейін Grand Slam ережесін екі рет бұзған болуы мүмкін екенін жазды.
Беларусь теннисшісі Арина Соболенко US Open-2026 финалында Елена Рыбакинадан жеңілгеннен кейінгі әрекеті үшін турнир ұйымдастырушылары тарапынан айыппұлға тап болуы мүмкін.
Yahoo Sports Соболенконың финалдан кейін Grand Slam ережесін екі рет бұзған болуы мүмкін екенін жазды.
Ракетка сындырды
Финал аяқталғаннан кейін Соболенко эмоциясын тежей алмай, корт жанындағы орындығында отырып ракеткасын сындырды.
Grand Slam турнирлерінің тәртіп ережесіне сәйкес, ракетканы әдейі сындыру немесе спорттық құралды бүлдіру үшін айыппұл қарастырылған.
Yahoo Sports мәліметінше, мұндай жағдайда айыппұл көлемі оқиғаның мән-жайына байланысты 50 мың долларға дейін жетуі мүмкін. Бұл шамамен 22,5 миллион теңге.
Операторға тіл тигізді
Соболенкоға қатысты екінші ықтимал тәртіп бұзушылық камера операторымен байланысты.
Финалдан кейін оператор теннисшіге тым жақын келген кезде Соболенко оған бейәдеп сөз айтқан.
Мұндай әрекет үшін де қаржылық жаза қолданылуы мүмкін. Дереккөз мәліметінше, балағат сөз үшін айыппұл әдетте 3 мыңнан 5 мың долларға дейін болады.
Рыбакина финалда Соболенконы жеңді
US Open-2026 әйелдер арасындағы финалда қазақстандық Елена Рыбакина Соболенконы үш сетте 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.
Осылайша, Рыбакина мансабындағы үшінші Grand Slam титулын иеленді. Бұл оның 2026 жылғы екінші "Үлкен дулыға" жеңісі болды. Бұған дейін қазақстандық теннисші Australian Open финалында да Соболенконы жеңген еді.
Жүлде қоры бәрібір қомақты
Соболенко US Open финалына шыққаны үшін 2,8 миллион доллар көлемінде сыйақы алады.
Ал чемпион атанған Елена Рыбакинаның жүлдесі 5,5 миллион долларды құрайды.