Бибосынов WBO Africa чемпионымен жекпе-жекте саусағын сындырып алды

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық боксшы, әлем чемпионы әрі Олимпиада жүлдегері Астанада IBA Nomad турниріндегі жекпе-жек кезінде қол саусағын сындырып алғанын айтты.

Бибосынов WBO Africa чемпионымен жекпе-жекте саусағын сындырып алды
Instagram/@sakenbibosinov

Жарақатына қарамастан жаттығуын жалғастырып жүр

Боксшы денсаулығына қатысты ақпаратты Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, қолына гипс салынғанымен дайындық процесі тоқтамаған.

"Соңғы жекпе-жекте саусағымды сындырып алдым. Қолым гипсте болса да, жаттығуды тоқтатпаймын.

Жарақат — уақытша. Мақсат — мәңгілік", — деп жазды Сәкен Бибосынов.

Жарақатына қарамастан жаттығуын жалғастырып жүр

WBO Africa чемпионын жеңген

Бибосыновтың соңғы жекпе-жегі 28 тамызда Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті. IBA Nomad ұйымдастырған International Boxing Day бокс кешінде WBO Africa белбеуінің иегері, намибиялық Иммануэль Джозефпен кездесті.

Толық раундқа созылған айқастың қорытындысында төрешілер бірауыздан Сәкен Бибосыновты жеңімпаз деп таныды.

Бибосыновтың басты жетістіктері

Сәкен Бибосынов — 2025 жылғы IBA әлем чемпионы. Токио Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған.

Сонымен қатар әлем чемпионаттарында 2023 жылы күміс, 2019 жылы қола жүлдеге ие болды. Бұдан бөлек 2022 жылғы Азия чемпионатында аса жеңіл салмақта күміс медаль еншіледі.

Жарнама
Жарнама