Рыбакина финал қарсаңында жанкүйерлерін алаңдатқан мәлімдеме жасады

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық теннисші US Open-2026 турнирінің финалына жолдама алғаннан кейін физикалық жағдайына қатысты пікір білдірді.

Рыбакина финал қарсаңында жанкүйерлерін алаңдатқан мәлімдеме жасады
instagram.com/usopen/

Ағзаға көп көңіл бөлу керегін мойындады

Баспасөз мәслихатында журналист Рыбакинаның бұған дейін айтқан "жасарып жатқаным жоқ" деген сөзіне назар аударып, 27 жастағы теннисшіден өзін әлі де жас сезіне ме деп сұрады. Қазақстандық теннисші өзін жас сезінетінін айтты. Дегенмен жыл өткен сайын денсаулық пен физикалық жағдайды бақылауға көбірек көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.

"Өзімді жас сезінемін. Бірақ жылдар өте келе ағзада кейбір дүниелер толық жоғалып кетпейді, белгілі бір мәселелер сақталып қалады. Кейде олар күшейеді, кейде жағдай жақсарады. Сондықтан үнемі жұмыс істеу керек", – деді Рыбакина.

Дұрыс адамдар туралы

Елена Рыбакина жоғары деңгейдегі нәтижеге жетуде өз командасының рөлі ерекше екенін де айтты. Теннисшінің пікірінше, физикалық жағдайды бақылау, қалпына келу және тұрақты дайындық үшін кәсіби мамандардың көмегі аса маңызды.

"Сондықтан жанымда дұрыс адамдардың болғаны маңызды. Оларсыз мұндай деңгейге көтерілу өте қиын болар еді. Егер бәрін дұрыс жасап, көп еңбектене берсек, осы деңгейде ұзақ уақыт қала аламын деп ойлаймын", – деді қазақстандық теннисші.

Елена Рыбакина US Open-2026 жартылай финалында америкалық Кори Гауффты жеңіп, турнирдің шешуші кездесуіне жолдама алды. Енді чемпиондық атақ үшін Беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен кездеседі.

Жарнама
Жарнама