Елена Рыбакина US Open турнирінен қанша сыйақы алады?
Қазақстандық теннисші Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатында ел тарихына енді.
Ширек финалда қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңген Рыбакина WTA рейтингінде бірінші орынға шығуын қамтамасыз етіп қана қоймай, қомақты сыйақыға да кепілдік алды.
US Open жүлде қоры рекорд жаңартты
US Open турнирінің жартылай финалына шыққаны үшін Рыбакина кемінде 1,45 млн доллар (шамамен 700 млн теңге) көлемінде сыйақы алады. Биылғы US Open жалпы жүлде қоры алғаш рет 100 млн доллардан асқан "Үлкен дулыға" турнирі болды. Жарыстың рекордтық жүлде қоры 108 млн долларды құрады.
Қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы атанғаннан кейін Instagram парақшасында алғашқы жазбасын жариялады. Спортшы тарихи жетістігіне орай әлеуметтік желіде суретін жариялап, мақтанышын жеткізді.
"Сене білсең, бәрі мүмкін! Қазақстанның атынан өнер көрсетіп, еліміздің тарихында әлемнің бірінші ракеткасы атанғаныма мақтанамын", — деп жазды Рыбакина.
Айта кетейік, турнирдің ширек финалында Рыбакина Чжэн Циньвэньді 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңді. Енді қазақстандық теннисші жартылай финалда америкалық Коко Гауффпен кездеседі.