Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Арман Әшімов күтпеген жерден жеңіліп қалды

Қазақстандық танымал ММА файтері, M-1 Global ұйымының бұрынғы чемпионы Арман Әшімов Астанадағы Қазақстан чемпионатында сенсациялық жеңіліске ұшырады. 

Арман Әшімов күтпеген жерден жеңіліп қалды
vesti.kz

Арман Әшімовті кім жеңді?

Қазақстанның АММА федерациясы таратқан мәліметке сәйкес, ел чемпионатында Арман Әшімов Alash Pride лигасының өкілі Бекзат Әбдіқұловпен октагонда кездесті. Жекпе-жек Traditional (дәстүрлі ММА) дисциплинасы бойынша ұйымдастырылды.

Тәжірибелі Әшімов соққы жасау техникасымен ерекшеленгенімен, қарсыласының күрес әдістеріне төтеп бере алмады. Бекзат Әбдіқұлов кездесуде бірнеше рет сәтті тейкдаун жасап, танымал файтерді партерге түсірді.

Нәтижесінде Әбдіқұлов тәжірибелі қарсыласынан басым түсіп, турнирдегі ең күтпеген жеңістердің біріне жетті.

Әшімовтің спорттық жетістіктері

Арман Әшімов – қазақстандық аралас жекпе-жек әлеміндегі белгілі файтерлердің бірі.

Ол кәсіби мансабында ресейлік M-1 Global ұйымының чемпиондық белбеуін иеленген. Сонымен қатар Naiza (бұрынғы NFC) промоушенінде өнер көрсетіп, жанкүйерлер арасында кеңінен танылды.

Әшімовтің кәсіби ММА-дағы көрсеткіші – 12 жеңіс, 3 жеңіліс және 1 тең нәтиже.

Астанада ұйымдастырылған 2026 жылғы ММА-дан Қазақстан чемпионаты 2027 жылы өтетін әлем және Азия чемпионаттарына іріктеу кезеңі саналады. Ел біріншілігінде жасөспірімдер, жастар және ересектер санатындағы файтерлер бақ сынап жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?