"Өте жақын арада": Дана Уайт UFC турнирінің Қазақстанға келетінін айтты
UFC президенті Дана Уайт промоушеннің Қазақстанда турнир өткізу жоспары бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Абу-Дабиде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Баспасөз мәслихаты кезінде Дана Уайттан UFC-дің Қазақстанда турнир ұйымдастыру мүмкіндігі туралы сұралды.
Ол бұл бағытта жұмыс жүріп жатқанын қысқа ғана растады.
"Өте жақын арада. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", – деді Уайт.
UFC басшысы Қазақстандағы турнирдің нақты қашан өтетінін, қай қалада ұйымдастырылатынын және қандай файтерлер қатысатынын айтқан жоқ. Сондықтан әзірге турнирдің күні мен кард құрамы әзірге белгісіз.
Қазіргі уақытта UFC-де Қазақстан атынан Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев өнер көрсетеді.
Бұл туралы не ойлайсыз?