Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

UFC чемпионы қарсыласын екінші раундта тоқтатты

UFC ұйымының жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Алекс Волкановски ресейлік Мовсар Евлоевпен өткен титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті.

UFC чемпионы қарсыласын екінші раундта тоқтатты
instagram/@bigpunches

Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өткен UFC 333 турнирінің басты кездесуі өтті. Жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынған айқас бес раундқа жоспарланған болатын. Дегенмен жекпе-жек соңына дейін созылған жоқ.

Екінші раундта Алекс Волкановски қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, UFC чемпиондық атағын сәтті қорғады.

Бұл нәтиже екі файтердің де кәсіби мансабындағы маңызды оқиға болды. Австралиялық жауынгер аралас жекпе-жектегі 29-жеңісіне жетіп, чемпиондық белбеуін сақтап қалды.

Ал осы кездесуге дейін жеңілістің кермек дәмін татпаған Мовсар Евлоев кәсіби ММА-дағы алғашқы сәтсіздігіне ұшырады. Ресейлік файтердің бұған дейінгі көрсеткіші 20 жеңіс және 0 жеңіліс болатын.

Еске салайық, Алекс Волкановски 2025 жылдың сәуір айында бразилиялық Диего Лопесті (28-8) жеңіп, UFC ұйымының жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын иеленген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?