Петр Ян Мераб Двалишвилиді жеңіп, UFC чемпиондық белбеуін қорғап қалды
Ресейлік файтер Петр Ян UFC 333 турнирінде грузиялық Мераб Двалишвилиден басым түсіп, аса жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын сақтап қалды.
Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өткен UFC 333 турнирінде жанкүйерлер көптен күткен чемпиондық кездесу ұйымдастырылды. Октагонға ресейлік Петр Ян (20-5) мен Мераб Двалишвили (21-5) шықты.
Аса жеңіл салмақтағы UFC чемпиондық белбеуі сарапқа салынған айқас бес раундқа созылды. Тартысты кездесудің қорытындысында төрешілер бірауыздан Петр Янды жеңімпаз деп таныды.
Сөйтіп ресейлік файтер чемпиондық атағын сәтті қорғап, кәсіби мансабындағы 21-жеңісіне жетті. Ал Мераб Двалишвили алтыншы рет жеңіліс тапты.
Айта кетейік, бұл қос файтердің октагондағы үшінші кездесуі болды.
Олардың алғашқы жекпе-жегі 2023 жылдың наурыз айында өтіп, грузиялық файтер төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен еді.
2025 жылдың желтоқсанында ұйымдастырылған қарымта кездесуде Петр Ян қарсыласынан есесін қайтарып, UFC чемпиондық белбеуін тартып алды. Ол кезде де жеңімпаз бес раундтың қорытындысы бойынша анықталған.