Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаровтың үйленуіне бір шарт қойылды

Өзбекстандық шахматшы Жавохир Синдаровтың отбасы қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаевамен жоспарланған үйлену тойына қатысты пікір білдірді. 

Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаровтың үйленуіне бір шарт қойылды
el.kz

Синдаровтың атасы қандай талап қойды?

Өзбекстан шахмат федерациясы төрағасының орынбасары, Жавохир Синдаровтың атасы Комил Синдаров немересінің жеке өмірі туралы айтты.

Daryo Sport басылымына берген сұхбатында ол қос шахматшының қарым-қатынасы бірнеше жыл бұрын басталғанын және уақыт өте келе достықтың махаббатқа ұласқанын жеткізді. Бірақ Синдаровтар отбасы үйлену тойын өткізу үшін Жавохирдің әлем чемпионы атануын күтіп отыр.

"Олардың араласқанына бірнеше жыл болды. Бастапқыдағы достық біртіндеп махаббатқа айналды. Бірақ дәл қазір Жавохирдің бұл туралы ойлайтын уақыты емес. Егер ол шахматтан әлем чемпионы атанып, чемпиондық тәжді Өзбекстанға алып келсе, біз бұл мәселені міндетті түрде талқылаймыз. Үйлену тойы болады деп сенеміз, оған үлкен үміт артып отырмыз", – деді Комил Синдаров.

Оның пікірінше, қазақстандық және өзбекстандық гроссмейстерлердің шаңырақ көтеруі екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайта түседі.

Әлем чемпионы атағына таласады

Басылым мәліметінше, 2026 жылғы 22 қараша мен 13 желтоқсан аралығында Швейцарияның Женева қаласында шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матч өтеді деп жоспарланған.

Онда Жавохир Синдаров әлемнің қазіргі чемпионы, үндістандық гроссмейстер Гукеш Доммараджумен кездесуі тиіс.

Осылайша, өзбекстандық шахматшы үшін алдағы бәсекенің маңызы ерекше. Оның нәтижесі спорттық мансабына ғана емес, отбасылық жоспарларына да ықпал етуі мүмкін.

Асаубаева мен Синдаровтың махаббат хикаясы

Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаров халықаралық шахмат жарыстарында бірнеше жылдан бері таныс. Бастапқыда кәсіби бәсекелестік пен достыққа негізделген қарым-қатынас кейін романтикалық сезімге ұласқан.

Екі шахматшы әлеуметтік желілерде бірге түскен суреттерін жариялап жүр. Атап айтқанда, олардың Париждегі демалысынан түсірілген романтикалық фотосуреттері көпшіліктің назарын аударған.

Сонымен қатар шахматшылар халықаралық турнирлерде, соның ішінде Үміткерлер турнирі мен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында бір-біріне қолдау көрсетіп келеді.

Ақпаратқа сәйкес, Жавохир Синдаровтың ата-анасы мен әжесі де жастардың қарым-қатынасын құптап, батасын берген.

Дегенмен үйлену тойының нақты күні әзірге жарияланған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?