Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Енді төбелеспейміз ғой": Бублик Шавкат Рахмоновпен бетпе-бет келді

Қазақстанның танымал теннисшісі Александр Бублик пен UFC-де жеңіліп көрмеген Шавкат Рахмонов Алматыда ерекше кездесу өткізді.

"Енді төбелеспейміз ғой": Бублик Шавкат Рахмоновпен бетпе-бет келді
instagram.com/almatyopen/

Бублик пен Рахмонов жанкүйерлерді күлдірді

Қазақстандық спорт жұлдыздары Алматыда өтіп жатқан Almaty Open 2026 теннис турнирінің іріктеу кезеңінде кездесті. Спортшылар аренаның трибуна астындағы бөлігінде жолығып, бір-бірімен амандасты. Кейін MMA әлеміне тән жекпе-жек алдындағы көз арбасу рәсімін әзілге айналдырды.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада Александр Бублик пен Шавкат Рахмоновтың бір-біріне тесіле қарап тұрғанын көруге болады.

Ерекше кездесу туралы пікір

Қазақстандық теннисші UFC файтерімен болған әзіл-қалжыңға толы сәттен кейін әсерін бөлісті.

"Өте күлкілі екен. Мен мұндайды бұрын ешқашан жасап көрмеппін. Абырой болғанда, бұдан кейін бір-бірімізбен төбелесудің қажеті жоқ", – деді Бублик.

Алматыда 12-19 қазан аралығында ATP 250 санатындағы Almaty Open 2026 халықаралық теннис турнирі өтеді. Александр Бублик жарысты екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы венгриялық Фабиан Марожан мен қазақстандық Тимофей Скатов арасындағы кездесудің жеңімпазы болуы тиіс.

Ал Шавкат Рахмонов UFC-де әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық файтерлердің бірі саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?