Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

көз арбасу

Бұл бетте жекпе-жек алдындағы көз арбасу мен салмақ өлшеу рәсімдерінен жаңалықтар мен видеолар жинақталған. Асу Алмабаев, Қуат Хамитов, Жалғас Жұмағұлов, Мұхит Амантаев секілді қазақстандық сайысшылардың және UFC, бокс жұлдыздарының қарсыластарымен тіресуі туралы материалдар.
Ойыннан тыс

"Енді төбелеспейміз ғой": Бублик Шавкат Рахмоновпен бетпе-бет келді

Қазақстанның танымал теннисшісі Александр Бублик пен UFC-де жеңіліп көрмеген Шавкат Рахмонов Алматыда ерекше кездесу өткізді.

Жекпе-жек

Жалғас Жұмағұлов ресейлік қарсыласымен көз арбасты

Қазақстандық танымал ММА шебері Жалғас Жұмағұлов IBA Nomad 16 турнирі қарсаңында ресейлік Асрор Акпархожаевпен көз арбасу рәсіміне қатысты.

Жекпе-жек

Қуат Хамитов "Атаманмен" жұдырықтасады

Қазақстандық танымал ММА шебері Қуат Хамитов (28-8-2) ACA 209 турнирінде ресейлік Алексей "Атаман" Махномен (27-13) кездеседі.

Жекпе-жек

Асу Алмабаев UFC-дегі жекпе-жек алдында Чарльз Джонсонмен көз арбасты (ВИДЕО)

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев Бакуде өтетін UFC Fight Night 280 турнирі қарсаңында америкалық Чарльз Джонсонмен алғаш рет бетпе-бет келді.

Жекпе-жек

Мұхит Амантаев пен Марсель көз арбасты

Алматыдағы IBA Nomad турнирінде қазақстандық бапкер Мұхит Амантаев пен қырғызстандық ММА файтері Марсель Нұрланбек уулу алдағы ықтимал жекпе-жек алдында көз арбасып, жанкүйерлер назарын өздеріне аударды.

Жекпе-жек

UFC 324: Гэтжи мен Пимблетт титулдық жекпе-жек алдында көз арбасты (ВИДЕО)

Лас-Вегаста UFC 324 турнирі қарсаңында қатысушылардың ресми салмақ өлшеу рәсімі өтті. Турнир 25 қаңтарда АҚШ-та өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы (70 кг дейін) уақытша UFC белбеуі сарапқа салынады.

Жекпе-жек

Шара Буллет пен Арман Царукян грэпплинг айқасы алдында көз арбасты

Әлеуметтік желіде UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде бірінші тұрған Арман Царукян мен UFC-дің орта салмақтағы ресейлік файтері Шарабутдин Магомедов (Шара Буллет) грэпплинг кездесуі алдында көз арбасқан сәті түсірілген видео тарады. 

Жекпе-жек

Қуат Хамитов «суперматч» алдында қарсыласпен көз арбасып, мінез көрсетті (ВИДЕО)

Қазақстандық ММА жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (27-8-2) Мәскеуде өтетін ACBJJ20 турнирі алдында ресейлік Рашид Магомедовпен (26-6-1) көз арбасу рәсімін өткізді. Қос спортшы бұл жолы бразилиялық джиу-джитсу ережесі бойынша белдесуге дайындалып жатыр.

Жекпе-жек

Қазақстандық нокаутер UFC турниріндегі тарихи айқас алдында америкалықпен көз арбасты (ВИДЕО)

Қазақстанның жеңіл салмақтағы аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс (10-0) The Ultimate Fighter 33 реалити-шоуының финалында қарсыласатын америкалық Джозеф Моралеспен (12-2)көз арбасу рәсімінен өтті.

Жекпе-жек

Асу Алмабаев UFC-де көз арбасу рәсіміне қатысты (ВИДЕО)

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-3) ресми таразыланудан және көз арбасу дуэлінен еш қиындықсыз өтіп, перулық Хосе Очоаға (8-1) қарсы айқасқа дайын екенін көрсетті. Жекпе-жек UFC on ABC 9 турнирі аясында Абу-Дабиде (БАӘ) өтеді.

Жекпе-жек

Жалған салмақ пен дуэль: Жалғас Жұмағұлов Бено Адамиямен көз арбасты (ВИДЕО)

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов пен грузиялық спортшы Бено Адамия титулдық айқас алдында көз арбасу рәсімін өткізді. 

Жекпе-жек

"Канело" мен Кроуфордтың көз түйістіруі төбелеске ұласты (ВИДЕО)

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен америкалық Теренс Кроуфорд көз түйістіру кезінде жанжал шығарды. 

Футбол

Қазақстандық чемпион салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, мексикалық қарсыласымен көз арбасты (ВИДЕО)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мәдиев (17 жеңіс, 2 жеңіліс, 6 нокаут) пен оның қарсыласы, мексикалық Хорхе Баталья Мартинес (11 жеңіс, 5 жеңіліс, 7 нокаут) Испанияда өтетін айқас қарсаңында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті.